Автономды пайдаланушылар үшін қосылым профилін жасау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Желілік агент профилін Басқару серверіне қосу тек Windows және macOS операциялық жүйесі басқаратын құрылғылар үшін ғана қолжетімді.

Желілік агентті автономды пайдаланушыларға арналған Басқару серверіне қосу профилін жасау үшін:

  1. Консоль ағашында, Серверге Желілік агентті қосу профилін жасау қажет болған клиент құрылғылары үшін басқару тобын таңдаңыз.
  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Топтың барлық құрылғылары үшін қосылым профилін жасағыңыз келсе, Саясаттар қойыншасындағы топтың жұмыс аймағында Желілік агенттің саясатын таңдаңыз. Таңдалған саясат сипаттары терезесін ашыңыз.
    • Топтың құрамында таңдалған құрылғы үшін қосылым профилін жасағыңыз келсе, Құрылғылар қойыншасындағы топтың жұмыс аймағында құрылғыны таңдап, келесі әрекеттерді орындаңыз:
      1. Таңдалған құрылғы сипаттары терезесін ашыңыз.
      2. Құрылғы сипаттары терезесінің Бағдарламалар бөлімінде Желілік агентті таңдаңыз.
      3. Желілік агент сипаттары терезесін ашыңыз.
  3. Қосылым мүмкіндігі бөлімі сипаттары терезесінде Байланыс профильдері салынған бөлімін таңдаңыз.
  4. Басқару серверіне қосылу профильдері блогында Қосу түймесін басыңыз.

    Әдепкі бойынша, қосылым профильдері тізімі <Офлайн-режим> және <Үйдегі Басқару сервері> профильдерін қамтиды. Профильдер өзгерту және жою үшін қолжетімді емес.

    <Офлайн-режим> профилінде қосылуға арналған Сервер көрсетілмейді. Осы профильге өту кезінде, Желілік агент қандай да бір Серверге қосылуға тырыспайды, ал клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалар болса автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданады. <Офлайн-режим> профилі құрылғыны желіден ажырату шарттарында қолданылады.

    <Үйдегі Басқару сервері> профилінде, Желілік агентті орнату кезінде белгіленген қосылуға арналған Сервер көрсетілген. <Үйдегі Басқару сервері> профилі, басқа желіде жұмыс істеген құрылғы қайтадан үйдегі Басқару серверіне қосылатын шарттарда қолданылады.

  5. Ашылған Жаңа профиль терезесінде қосылым профилінің параметрлерін конфигурациялаңыз:
    • Профиль атауы.
    • Басқару сервері
    • Порт
    • SSL порты
    • SSL пайдалану
    • Прокси-сервер арқылы қосылымды конфигурациялау сілтемесі бойынша прокси-сервер арқылы қосу профильдерін конфигурациялаңыз. Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін таңдаңыз. Параметр таңдалған болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз:
      • Прокси-сервердің мекенжайы
      • Порт нөмірі
      • Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама
      • Пайдаланушы аты (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама параметрі таңдалған болса, өріс қолжетімді болады)
      • Құпиясөз (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама параметрі таңдалған болса, өріс қолжетімді болады)
    • Қосылым шлюзінің параметрлері
    • Автономды пайдаланушы режимін қосу
    • Тек жаңартуларды алу үшін пайдалану
    • Қосылым параметрлерін осы профильде көрсетілген Басқару серверінің параметрлерімен синхрондау
  6. Қосылу кезінде клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясаттардың профильдерін және Басқару сервері қолжетімді болмаса, автономды пайдаланушыларға арналған саясаттардың профильдерін қолдануы үшін Басқару сервері қолжетімсіз болғанда автономды пайдаланушы режиміне ауысу параметрін таңдаңыз. Бағдарлама үшін автономды пайдаланушыларға арналған саясат анықталмаған болса, бағдарлама белсенді саясатты қолданатын болады.

Нәтижесінде, Желілік агентті автономды пайдаланушыларға арналған Басқару серверіне қосу профилі жасалады. Желілік агентті осы профиль арқылы Серверге қосқан кезде, клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясаттарды немесе автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданатын болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Автономды пайдаланушыларға арналған қосылым профильдері туралы

Басына оралу